БҚО-да әскери қызмет насихатталды

Күзгі әскерге шақыру науқаны басталысымен аймақтардағы Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің ақпараттық-түсіндіру тобы жұмысын бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның қызметінің негізгі бағыттары – Жолдаудағы міндеттерді халыққа түсіндіріп, қоғамда әскери қызметті насихаттау. Сондай-ақ әскери-патриоттық тәрбиелеу бағдарламасын іске асыру. Ақпараттық-насихаттық топ өз жұмысын Семей және Өскемен қалаларынан бастады. Кездесуде әскерге шақыру науқанына ерекше мән берілді. Әскери қызметтің ерекшеліктері мен жауынгерлердің отбасыларына көрсетілетін әлеуметтік кепілдіктер туралы айтты. Қорғаныс министрлігі мұнымен шектелмей,  Атырау, Ақтау қалаларында, Маңғыстау облысының шалғай ауылдарында ақпараттық-түсіндіру шараларын ұйымдастырды.

Серік Бурамбаев, ҚР Қорғаныс министрлігі департаментінің бастығы: 

- Қорғаныс министрінің тапсырмасымен үгіт-насихат тобы құрылып, бүкіл Қазақстан бойынша осылай жұмыс жасап келе жатыр. Ақтауда біздің әскери бөлімдерде 1 қыркүйекте Президент Жолдауын түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әскери қызметті насихатталды. Соынмен қатар ведомстваралық бағдарлама таныстырылды.