Еліміздегі жалдамалы тұрғын үй нарығын реттеу қажет – Тамара Дүйсенова

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова осындай ұсыныс айтты.

Оның айтуынша, бұл шара пәтерді жалға берушілер мен жалдаушылардың мүдделерін қорғау үшін қажет. Реттеу бағаны бекітуді білдірмейді. Қанша пәтер жалға беріледі, иелері салық төлей ме?

Осының бәрін есепке алу маңызды. Министрдің сөзінше, қазір жылжымайтын мүлік нарығының көлеңкелі тұсы басым. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бұл олқылықтарды зерттеуге кірісті.