Қарағанды облысында мотомаусым жабылды

Қарағанды өңірінің байкерлері кезекті маусымды қорытындылады. Шараға 300-ден астам әуесқой мотошабандоз қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арасында жасы да, жасамысы да бар. Мамандықтары да әр түрлі. Бірақ хоббилері бір. Бұл күні әр клубтың өкілі жиналған жұртқа өз шеберліктерін көрсетті. Мотоциклдің тілін әбден меңгерген кәсіби байкерлер күрделі трюктерді жасады. Айтуларынша, биылғы жазда олар еліміздің көрікті жерлеріне, кейбірі шет мемлекеттерге саяхаттаған.

Алексей Пермяков, мотоклуб жетекшісі:

Бұл мен үшін хобби. Клубымыздың мүшелері әр салада қызмет етіп жүрген жігіттер. Мен өзім жылу электр орталығында жұмыс жасаймын. Қатарымызда токарь, аспаз, ІТ маманы бар. Барлығымыз бір отбасыдай болып кеттік, өте татумыз. Негізі клубымыз 95 жылы алғаш рет Балқаш қаласында құрылған болатын. Кейін көбіміз осы жаққа қоныс аударып келдік. Келесі маусымды асыға күтеміз. Жоспарымыз көп.