Шығыс Қазақстанда қараусыз мал көбейді

Жолда қараусыз жүрген мал жолаушылар өміріне қауіпті. Шығыс Қазақстанда полицейлер жолда жүрген малды айыппұл тұрағына айдап әкетіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша соңғы аптада 600 бас ірі қара трасса бойынан тұраққа жеткізілді. Бақташысы жоқ малдың көптігі сонша, айыппұл тұрағында орын да қалмауы мүмкін. Соңғы уақытта автокөлік пен малдың соқтығысуы жиілеген. Соңғы рет Алтай ауданында табын жылқыға жеңіл көліп соғылып, 42 жастағы жүргізуші көз жұмды. Көп жағдайда мал иесі тиісті 3 мың теңге айыппұл төлеп жазадан жеңіл құтылып кетеді.

Татьяна Карпова, ШҚО ПД басқарма басшысы:

– Шынымен де малға соқтығысқан көлік апаттары бірнеше рет тіркелді. Сондықтан табынды кезекпен бақса деген ұсыныс айтып жатырмыз.Сонда ғана қайғылы жол көлік оқиғаларының алдын алуға болар еді.