Президент Түркістандағы Ботаника бағына тал екті

Президент Түркістанға жұмыс сапары аясында өңірдегі экобелсенділердің іс-шарасына қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қасым-Жомарт Тоқаев жастармен бірге Ботаника бағына тал екті. Соңында жастармен тілдескен Президент отанды сүю адал еңбектен басталуы керек екенін ерекше атады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Отанды сүю осындай адал еңбектен, пайдалы жұмыстан басталады. Еліміздің әрбір азаматы еңбекқор болуы керек. Баршаңызды қолдаймын, мақтан тұтамын. Өскелең ұрпақ – біздің үмітіміз, еліміздің болашағы. Біз ардагер болып мәңгі билікте отырмаймыз. Менің ең үлкен мақсатым – жастарға жол беру.

ПРЕЗИДЕНТ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы облыс орталығындағы халықаралық әуежайдың жұмысымен танысты. «YDA Group» директорлар кеңесінің төрағасы Хусейн Арслан Президентке нысанның жұмысы мен алдағы жоспары жөнінде баяндады.