Оралда ресейлік үш дәрігер жұмысқа қабылданады

Оралдағы жұқпалы аурулар ауруханасына ресейлік 3 дәрігер жұмысқа қабылданады. Олар – инфекционист , эндоскопист, бактериолог, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәрігерлердің екеуі қазір көші-қон құжаттарын рәсімдеп жатыр. Ал үшіншісі енді келеді. Медициналық мекеме басшылығы олармен еңбек шартын алдын ала бейресми келісіп қойған. Жаңа кадрлардың екеуі – ер адам. Олар 31 және 32 жаста. Аурухана директорының айтуынша, шетелдік дәрігерлер елде ұзақ мерзімге қалуға ниетті.

Надия Ахметова, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры:

– Екі-үш жылдай іздеудеміз маман. Енді кеше осындай жағдайда маманымызды тауып жатырмыз. Жалақы деген солардың жалақысымен салыстырғанда айырмашылық жоқ. 500 мың теңге үстінде. Бактериолог дәрігерлер керек бізге. Тағы инфекционист келсе, аламыз. Оларға қанша келісім беріледі мында тұруға, жұмыс істеуге, соған қарай келісім жасаймыз ғой.