loader


Алматыда 900-ге жуық Ресей азаматы тұрып жатыр

Ресейде ішінара мобилизациялау шарасы басталғалы бері Алматыға 5 мыңнан аса адам келген. Бүгінгі күні оның 4 мың 100-ге жуығы көршілес Қырғызстан, Өзбекстан сияқы елдерге өтіп кеткен. Бұл туралы баспасөз мәслихатында қала әкімінің орынбасары айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ресми деректерге жүгінсек, қазір мегаполисте жеке сәйкестендіру нөмірін алған 900-ге тарта ресейлік тұрып жатыр. Арман Қырықбаевтың айтуынша, шаһардағы хостелдерде орын жеткілікті. Қазірдің өзінде мыңнан аса адамға орын бар. Оған қоса, сырттан келген азаматтар тиісті сауалдарын «Call-орталыққа» жолдай алады. Жалпы алғанда қалада жағдай тұрақты. Барлық мемлекеттік мекемелер штаттық режимде жұмыс істейді. 

Арман Қырықбаев, қала әкімінің орынбасары:

– Құлагер шағын ауданында ХҚО барлық шет елден келген, ең алдымен Ресей азаматтарына тиісті қызметтерін көрсетіп жатыр. Егер соңғы 1-2 күндегі қызмет көрсету орталыққа жүгінген азаматтардың ұзын-саны 2 мыңнан астам болатын болса, бүгінгі таңда 1700 дейін төмендеді. Дүрбелелең өз қалпымен азаю үстінде.

Асхат Бүтіншінов , қалалық ІІД көші-қон полициясы басқармасының бастығы:

– Көшіп келушілердің ҚР келуі мен онда болуы туралы 9-тармағына сәйкес шет ел азаматтарын қабылдайтын жеке және заңды тұлғалар өздеріне келетін көшіп келушілер туралы ішкі істер органына 3 күннің ішінде хабарлауы керек. Осы мерзімді өткізіп алған және ішкі істер органдарына хабарламаған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 518-бабы бойынша жауаптылыққа тартылатынын ескертеміз.

 

 

Сондай-ақ...