Экологтар мен қоғам белсенділері Теміртау қаласын көгалдандыру жұмыстарын тексеріп шықты

Металургтер қаласы елдегі ең лас қалалардың тізімінде тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында қаладағы ірі комбинат 100 мың ағаш егуге міндеттелді.  Алдағы 3 жылда 1 миллионға дейін көшет отырғызу қажет.  Былтыр қалаға кіреберістегі жол бойына да ағаш егілген еді. Мамандар олардың қаншалықты жерсіңгенін тексерді. Жасыл желектің түрі мен отырғызылатын орны туралы шешімді металлургия комбинаты өкілдері ғалымдармен кеңесе отырып қабылдаған.

Хадия Шарафеева, Ә. Бөкейхан атындағы Орман шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының инженері:

- Бұл аймақта ауыр механикалық құрамдағы топырақ бар, салдарынан, топырақтың тұздануына төтеп беретін шаған жапырақты үйеңкі, шырмауық шегіршін, сібір алма ағашы, татар үйеңкісі  сынды ағаштарды өсіруге болады. Біз соларды егіп

Елена Варганова, «Отражение»  ҚБ жетекшісі:

- Жаңадан егілген көшеттен бастап үлкен жасыл ағаштарға дейін жауапкершілікпен қарау керекпіз. Бұл жасыл желектер қаулап өсіп, Теміртау қаласына көрік беруі қажет. Біз  ағаштарды неше рет суаратынын, қалай суаратынын, суарушы көліктер қай жерге дейін баратын тексереміз, көліктердің өзі көшеттерге зардап келтірмеуін қадағалаймыз. Әзірге барлық жұмыстар жақсы жүргізілуде, деседе бақылау азаймайтын болады.