Павлодардың ситуациялық талдау орталығының әлеуеті зор

Сарапшылар облыс бойынша жемқорлық тәуекелі  басым мекемелер мен ведомствоаралық ұйымдарға іштей талдау  жасайды., деп хабарлайды «Хабар 24».

Шыңғыс Ағжанбаев, Павлодар облысы әкімі аппаратының Этика жөнінен уәкілі:

- Жемқорлық санатына кіретін істердің көбі  құқықтық-нормативтік актілерде заңнаманың  әркелкі оқылуында болып отыр. Осыған байланысты біз орталық мемлекеттік органдарға және уәкілетті органдарға заңнамалық актілерге сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар жібереміз.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жобаның сәтті орындалуына арнайы мамандандырылған жобалық менеджмент ықпал еткен. Жүйе мемлекеттік органдардың жұмысын бақылауға мүмкіндік беріп қана қоймай жемқорлық әрекеттерді анықтауға сеп болып отыр.

Жәния Тантақова, Павлодар облысы әкімдігі  Ситуациялық талдау  орталығының қызметкері:

- Өте қолайлы бағдарлама. Нақты уақыт тәртібінде бәрін көріп-біліп отырамыз. Бұл жерде атқарушылар құжаттарды өздері жүктейді. Бюрократиялық жүйе жойылады. Ал біз жобалық кеңседе отырып алға қойылған мәселелердің қалай

Көп жағдайда мемлекеттік органдардың қызметі бейқамдыққа жол береді. Ксения Кромиади  Железинка ауданындағы шаруа қожалығының заңгері. Ол жер қатынастары бөліміне бос жатқан жерді мемлекет қорына қайтарып алуды өтінгеніне жеті жыл болғанын айтады. Салдарынан жеті мың гектардай жер ұзақ уақыт бойы игерілмей жатыр. 

Ксения Кромиади, шаруа қожалығының заңгері: 

- Тексеру жүргізіңдер. Бос жатқан жерлерді мемлекетке қайтарыңдар деймін. Бірақ оған құлақ асып жатқан ешкім жоқ. Ешқандай тексеру жүргізілмейді. Жерді қайтаруға  байланысты мониторинг  шаралары өтпейді.

Дмитрий Малахов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші орынбасары:

- Бұл мәселені шұғыл шешу керек. Үш тәулік уақыт беремін. Сараптама жүргізіп нәтижесін айтыңдар. Егер ақпарат расталса тиісті  шаралар қолданылатын болады.

Павлодардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тәжірибесі нәтижелі болып шықты. Жыл басынан бері жемқорлық тұрғысындағы көптеген тәуекелдерді жоюға мүмкіндік туған. Төртінші типтік базалық бағыт жобасының негізгі бөлігі орындалыпты. Енді сол анықталған заң бұзушылықтарды жою жұмыстары қалды.

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Самат Оспанов, Марат Игіліков