Президент IT компаниялардың басшыларымен кездесті

Осы халықаралық технологиялық форум аясында Мемлекет басшысы бірқатар IT компанияның басшыларымен кездесіп сөйлесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Samsung Electronics компаниясының корпоративті президенті Ин Йонг Римен әңгіме барысында тараптар IT мамандарды даярлау, бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және ғылым саласында ынтымақтастық орнату мүмкіндіктерін қарастырды.

ІnDriver компаниясының негізін қалаушысы Арсен Томский Мемлекет басшысына мобильді қосымша – іnDriver-дің қызметі туралы айтты. Компания Астана мен Алматыда екі кеңсе ашқан. Әрі Astana Hub президенті атанды.

G42 компаниясының директоры Мансур Ибрагим әл-Мансуримен кездесуде ақпараттық технологиялар мен цифрлық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге баса назар аударылды.

Ал Bharti Enterprises және OneWeb құрылтайшысы әрі төрағасы Сунил Барти Митталмен кездесуде шалғай елді мекендерді интернетпен қамту үшін төмен орбиталы спутниктерді және жерүсті станциялар желісін пайдалану мәселелері талқыланды.