Алматыда Artsport бағдарламасына бөлінген 2,5 млрд теңгені жымқырған

Алматыда Artsport бағдарламасын жүзеге асыру барысында 2,5 миллиард теңге бюджет қаражаты қолды болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мектеп жасындағы балаларды спорт пен шығармашылыққа бейімдеу мақсатында қолға алынған жобада жалған жеке сәйкестендіру нөмірін тіркеу, басқа аймақтарда есепте тұрған балаларға жолдама беру, бұрын Алматы қаласында тұрған, бірақ тіркеуден шығарылған оқушыларды үйірмелерге тіркеу фактілері анықталған. Бұл туралы бүгін спорттық-шығармашылық тапсырысты іске асыру жөніндегі қоғамдық жұмыс тобының отырысында айтылды. Алматы қаласы прокурорының орынбасары Нұрсұлтан Рақышевтің айтуынша, күдіктілер бюджет қаржысын жымқыруға бағытталған нақты схема бойынша жұмыс істеген. Тексеру нәтижелері бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, қаржылық мәселелер туындағандықтан, Алматыда Artsport бағдарламасы бойынша тегін үйірмелер уақытша тоқтатылған болатын.