Жастар санатының жас шегі 35-ке дейін ұлғайтылды

Елімізде 14-тен 35 жасқа дейінгі азаматтар енді «жастар санатына» жатады. Бұрын бұл меже 14-29 жас аралығында еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

2006 жылдан бері Қазақстанда алғаш рет «Жастар саясаты туралы» заңға елеулі өзгерістер енгізіледі. Заң жобасы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында талқыланып, қабылданды. Жаңа ережеге сай, енді ел халқының үштен біріне жуығы, яғни, 6,2 млн адам жастар категориясына жатқызылады. Бұл – бұрынғы саннан екі есеге артық. Демек, олардың барлығы жастарды қолдау бағдарламаларына қол жеткізеді. Сондай-ақ, 5,2 млн жас азамат сайлауда дауыс беру құқығын иеленеді.

Елнұр Бейсенбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Заң жобасының мақсаты мемлекеттік жастар саясаты саласындағы қоғамдық қатынастарды кешенді реттеудің тиімді құқықтық негізін қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар, аталған заңнама аясында жастар мәселесін біріктіруші координациялық орталықтандыру жұмыстарын нормативтік актілердің шеңберінде пысықтауымыз қажет деп есептейм. Жастар саясатын іске асыру, мониторинг, бағалау тәсілдерін бірізділендіруге және нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін мелмекеттік әсіресе жерг органдардың жауапкерш арттыруға бағытталған норма болуы маңызды. скл/Бұл мультипликативті эффект беретін жүйесі өзгеріске айналуы керек. 

Одан өзге, «Жастардың даму индексі» ұғымы енгізіліп, заң аясында NEET санатындағы жастардың жағдайына барынша көңіл бөлінеді. Мемлекеттік жастар саясатын үйлестіру басқармасының басшысы Ақұлан Тастемірдің айтуынша, осы шет мемлекеттерден енген NEET түсінігін заңмен реттеу маңызды. Қай елде болмасын, жастардың әлеуметтік мәселелерін шешу алдыңғы кезекте болуы тиіс.

Ақұлан Тастемір, ҚР АҚДМ мемлекеттік жастар саясатын үйлестіру басқармасының басшысы:

– Еуропадан бізге еніп, тамыр жайып жатқан ұғымдардың бірі – NEET. Бұл жұмыс жасамайтын, жұмыс жасағысы келмейтін жоғары білімі жоқ азаматтарды атай аламыз. Өңір-өңірде мемлекет жастар саясатын іске асыратын басқармалар бар. Әр өңір өзінше жобалар, іс-шаралар, кездесулер т.б. бағдарламаларды іске асырып отыр. Енді сол санаттағы азаматтардың санын азайту біріншіден, тұрақты жұмысқа орналастыру керек, екіншіден, оларды мотивациялық қолдау мақсаты.