loader

Түркістан облысында тұмауға қарсы вакциналау жұмыстары басталады

Түркістан облысында тұмауға қарсы вакциналау жұмыстары басталады

Түркістан облысында 300 мың адамға тұмауға қарсы екпе салынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Иммундау облыс халқының 15% қамтиды. 300 мың доза «Гриппол+» вакцинасы сатып алынған. Екпе алдымен медицина қызметкерлеріне, жүкті әйелдерге, диспанцерлік есепте тұрған балаларға және қарттар мен туғанына 6 айдан асқан сәбилерге, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне салынады. Мамандар әзірге өңірде тұмаумен ешкім ауырмағанын айтады. Алайда күн салқындағанда дайын болуымыз керек.

Нұрбек Нышанов, облыстың бас санитар дәрігері:

– 1 қазаннан бастап 30 сәуірге дейін тұмау ауруының мезгілі болып есептеледі. Осы уақытта ЖРВИ шалдыққан адамдарға міндетті түрде зертхналық сынама жүргізіледі. Былтыр біз қараша, желтоқсан айында 201 сынама алып, оның ішінде 16 жағдайда осы тұмау ауруының қоздырғышы анықталды. Сол анықталған аурушаңдықтар бойынша, міндетті түрде эпидемиологиялық зерделеу жұмыстары барлық ошақтарда кең көлемде жүргізілді.

 

Сондай-ақ...