Атырау облысында мыңдаған адам жұмыссыз қалуы мүмкін

Атырау облысына қарасты «Теңіз» кен орнындағы зауыт құрылысының аяқталуына байланысты мыңдаған адам жұмыссыз қалуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар 2024 жылға дейін 40 мыңға жуық жұмысшы қысқарады деп болжап отыр. Оның 45% – атыраулықтар. Әсіресе «Теңіз» кеніші орналасқан Жылыой ауданында жұмыссыздар қатары күн санап артып келеді. Биылғы 8 айда ауданда 589 адам жұмыссыздар қатарын толтырыпты. Қысқарту әлі де жалғасып жатыр.

Бүгінде жергілікті билік осы топтағы азаматтармен жұмысты бастады. Атап айтқанда, еліміз бойынша қолға алынған ұлттық жобалар шеңберінде бағдарламалар ашылып, жергілікті тұрғындарды күнкөрістен айырмау шарасы жүргізіліп жатыр.

Сандуғаш Құрманғалиева, аудандық жұмыспен қамту орталығы директорының міндетін атқарушы:

-Қазіргі таңда аудан бойынша 3174 адам жұмыссыз тіркеліп тұр. Соның 703-тұрақты жұмысқа орналастырдық. Ал 529 адам уақытша жұмысқа тартылды. Бағдарлама шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындары бар, «Ұрпақтар келісімшарты», «Күміс жас» деген бағдарламалар бар.

Сондай-ақ...