Елімізде кәсіпкерлік саласындағы кедергі азаяды

Елімізде кәсіпкерлік саласының дамуына кері әсерін тигізіп келген кедергілер анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жыл басынан бері оларға қатысты заңсыз 400 қылмыстық іс қозғалып, 35 мың бизнесменге 1,5 млрд теңге әкімшілік айыппұл салынған. Сонымен қатар монополистер берілген мүмкіндікті пайдаланып бағаны негізсіз өсіру дерегі де жиілеген.

Мәселен, теміржолдың төңірегінде 300-ден астам тұйығы бар компания қызмет көрсету тарифін 13-14 есеге дейін негізсіз көтерген. 4 мыңдай кәсіпкер теміржолмен жүріп өту құнын шамадан көп мөлшерде төлеуге мәжбүр болған. Аталған деректі Бас прокуратура анықтап, қылмыстық қудалау органдарына арнайы нұсқама жіберілген. Нәтижесінде мыңдаған кәсіп иелерінің құқығы қорғалды. Бұл жөнінде бизнес өкілдерінің прокуратура органдарымен кездесу кезінде белгілі болды. Жиынға Парламент депутаттары, кәсіпкерлік палата мен бизнес өкілдері қатысып, саланы дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды. Форумда саладағы проблемаларды жүйелі түрде шешу бағытында 2023 жылға арналған кешенді жоспарға қол қойылды.

Жандос Өмірәлиев, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

- Нұсқауға қыркүйек айында қол қойылды. Біз тиісті саралау өткіздік. Күніне 4-5 қылмыстық іс қозғалып тұрған. Осы нұсқаулыққа дейін кәсіпкерлерге қатысты. Бүгінгі таңда ары кетсе бір ғана қылмыстық іс  қозғалып жатыр. Көбінесе қозғалған қылмыстық істердің барлығы осы нұсқауға дейін. Олар тергеудің нәтижесімен істің құрамында қылмыс белгілері болмауына байланысты қысқарып отырған. Бұл дегеніңіз тергеушінің уақыты, кәсіпкердің уақыты, жалпы қажет емес, ешкімге қажеті жоқ жұмыс.  Бір мыңнан астам қылмыстық істер қозғалып, нәтижесінде қысқартылған.

Сондай-ақ...