Елде интернеттегі алаяқтық, есірткі бизнесі және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес күшейтілді

Бұл туралы  Мемлекет басшысының қабылдауында болған  Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ведомство басшысы  Президентке министрлікте  қабылданып жатқан бірқатар іс-шаралар жөнінде баяндады. Сондай-ақ Марат Ахметжанов Ресей азаматтарының біздің елге келуіне байланысты ішкі істер органдарының әрекетері жөнінде баяндады. Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыруға, сондай-ақ көші-қон мәселесіне тиімді бақылау жүргізу бойынша бірқатар тапсырма берді.