Ұнның бағасы тұрақтала ма?

Қамбадағы бидай қымбаттаса, сөредегі нанның да құны құбылады. Нарықтың бұлжымайтын заңдылығы бұл. Елде ұн бағасы 4,3 процентке көтерілген. Тамыз айының өзінде ғана. Мамандардың айтуынша, бұл соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіштердің бірі. Саладан нәпақа айырып жүргендер оған бірнеше фактор әсер етті дейді. Соның бірі былтырғы қуаңшылық.

Ұшты, ұшты, ұн бағасы тағы ұшты...

– Рожкиге қосылды, ұн өнімдеріне қосылды ғой баға.

– Нан қымбаттады. Сосын барып, қант қымбаттады.

Өсімнің ең үлкен көрсеткіші осы  Павлодар облысында.

ГРАФИКА: 12,8 пайызға көтерілген. Жетісу мен Батыс Қазақстан облыстары да бой бермей келеді. Әуелгісінде  ұн 12,4, кейінгісінде 11,9 пайызға қымбаттаған. Ал теріскейде жағдай мұндай мүшкіл емес. Солтүстік Қазақстанда 0,8, Ақмолада  бар-жоғы 0,3, пайызға көтерілген.

ТАҚЫРЫБЫ: ҰН БАҒАСЫ ҚАЙ ӨҢІРДЕ ҚАНША ПАЙЫЗҒА ҚЫМБАТТАҒАН?

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ – 12,8%

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ – 12,4%

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ – 11,9%

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ – 0,3%

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ -0,6%

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ  - 0,8% 

Бұл тамыз айына тиесілі жекелеп алғандағы статистика. Ал, жылдық көрсеткіш басқа. Жыл басынан бері ел бойынша ұн бағасы 41 пайызға қымбаттаған. Оған бірнеше себеп бар. Әуелгісі қуаңшылық. Құрғақшылықтан  біраз алқап құрып, егін сала алмадық, ойдағы өнімді ала-алмадық.

Қазыбек Омаров, Қазақстан Астық одағының ресми өкілі:

- Біздің ішкі нарыққа шамамен 6 млн тонна керек. Біз былтыр 10 млн тонна жинадық. Бірақ бізден басқа Қазақстан көрші елдерге экспорттайды ғой. Жылына 7-8 тонна. Сол жетпей қалды.Сұраныс артты. Сұраныс артқан соң бізден ұн-бидай сатып алатын елдер бағаны көтерді.

Жә, қуаңшылық жылдағы жағдай емес. Сәйкесінше, бұл уақытша туындаған проблема еді. Ұн бағасының көтерілуіне тұрақты түрде әсер етіп келе жатқан факторлар бар. Мәселен, әр бөлке нанда қазір утиль алымының құны жатыр.

Қазыбек Омаров, Қазақстан Астық одағының ресми өкілі:

- Бір комбайнға қателеспесем 30 млн теңгеге дейін утиль алымы қосылды.

- Комбайнның өзі қанша тұрады?

- Комбайн осыдан үш жыл бұрын 40 млн тұрса, қазір 140 млн тұрады. Оның үстіне утиль алымы қосылды. Қосымша құн салығы қосылды. Әлемдік нарықта металл бағасы жоғарлап кетті. Оның бәрі ескеріледі ғой.

Осындайда шаруаның сүйенері субсидия еді. Бұл жағынан көмек жоқ деуге келмес. Биыл мемлекеттен 450 млрд теңге демеу қаржы бөлінсе, соның 107 млрдтайы егін шаруашылығына бағытталды.

Дамир Аспан, Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз хатшысы:

- Оның ішінде егін шаруашылығымен айналысатын фермерлерге. Олардың тұқымына, гермицид, пестицид деген. Одан бөлек су жеткізуге де бөлінеді. Шамамен биыл 3 млрд болды. Тұқымға 11 млрд. Минералды удобренияға 40 млрд.

Алайда субсидия көлемі биыл рекордтық көрсеткішке жетті деп бөркімізді аспанға атқанымен, сала үшін бұл әлі де аз дейді мамандар.

Қазыбек Омаров, Қазақстан Астық одағының ресми өкілі:

– Мысалы, Ресейде ауылшаруашылығына бөлінетін субсидия бізден екі есе көп. Белоруссияда екі жарым есе көп. Сондықтан олардың өзіндік құны бізден әлдеқайда төмен. Егер біздің шаруалар гектарына 20 центнер өнім жинаса, оларда гектарына 50 жинайды. Сондықтан бір гектарға кететін шығын оларда да бізде де шамалас.

Десе де, оптимистік болжамдар да бар. Алдағы айларда ұн бағасы тұрақталып, тіпті арзандауы да мүмкін дейді сарапшылар. Себебі былтырғы дефициттің орнын биылғы өнім толтырады. Қазірдің өзінде тоннасы 250 мың теңгеге саудаланған ұныңа,сатушылар енді 210 мың теңге сұрап тұр.