loader


Түркияда IV Дүниежүзілік көшпенділер ойыны басталды

Түркияның Изник қаласында IV Дүниежүзілік көшпенділер ойыны басталды.

Дүбірлі дода қарсаңында Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоғанмен кездесті. Түркия басшысы екі ел арасындағы екіжақты қатынастар жоғары деңгейде дамып келе жатқанын айтты. Осы орайда парламентаралық ынтымақтастықтың маңыздылығы зор екенін жеткізді. Көшпенділер ойынына әлемнің 102 елінен 3 мыңнан астам спортшы қатысуда. Қазақстанның атынан 50 спортшы сайыстың бес түрінен бақ сынайды. Атап айтқанда, көкпар, қазақ күресі, дәстүрлі садақ ату, жамбы ату, көк бөрі. Мәжіліс Спикері Ерлан Қошанов Қазақстан құрама командасымен кездесті. Оларға Мемлекет басшысының жылы лебізін жеткізіп, жеңіс тіледі.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы: 

- Дүниежүзілік көшпенділер ойынына қатысу үлкен мәртебе. Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін. Жолдарыңыз болсын.

Сондай-ақ...