Шымкенттіктер туған қаласына арнап ойын ойлап тапты

Шымшық. Бұл құстың атауы емес. Шымкенттіктер ойлап тапқан ойын.

Авторлардың айтуынша, аңыз бен шытырман оқиғаларға толы туынды шаһар қонақтары үшін қызық болмақ. Жоба оңтүстік мегаполистің терең тарихынан сыр шертеді. Енді бұл үстел ойыны мектеп бағдарламасына да енгізілмек. Өйткені, онда Шымкенттің көптеген киелі орны көрініс тапқан. Ойынға қатысушыларды ұмытылмас саяхат та күтіп тұр. Тың жоба қонақ үйден басталып, мейрамханада аяқталады. Бұл жерде саяхаттаушылар түрлі тағамдардан дәм татып, қаланың қонақжайлығына тәнті болады.

Анастасия Арсланова, ойынды құрастырушы:

- Ойын арқылы адамдар Шымкенттің білмейтін қырларына қанық болады. Бұл туристерді тартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жергілікті тұрғындар қонақтарға гид ретінде қызмет көрсете алады. Немесе қонақтап келген туған-туыстарына таныстырады.