ШҚО шаруаларына егін жинау жұмыстарына арзан дизель отыны жетіспейді

Күзгі далалық жұмыстар үшін шығыс қазақстандық шаруаларға арзандатылған 8 мың тоннадан астам дизель отыны жетіспейді. Олардың айтуынша, қолдағы жанармайдың басым бөлігі, күн-бағыс пен, жүгері кептіруден, артылмауы мүмкін. Өйткені өңірде өнімдерді жинау науқаны, жаңбырлы болып, артынша қарға ұласуы, фермерлерді әуре сарсаңға салып отыр.

Табиғаттың тосын мінезі шаруаларды тығырыққа тіреді. Қазір олар еңбек күші мен қаражатын өнімді кептіру жұмыстарына жұмсап жатыр.

- На данный момент мы проверяем подсолнечник на влажность, сейчас 8% влажности.

Ылғал мөлшері осы шамада болуы тиіс. Әйткенмен барлық өнімнің сапасын дәл осылай жақсарту қиынға соғып тұр. Себебі кешенге күніне 5 мың тонна дизель отыны қажет екен. Ал шаруаларда жанармай қоры жеткіліксіз.

Мейір Әбитаев, серіктестік директоры:

- Екі-үш күн жаңбыр жауды. Бүгін, міне, қарға ұласты арты. Өте қиын жағдай болып тұр. Сондықтан арзандатылған жанармай отынын тез уақытта шешу керек деп ойлаймын. Дәнді дақылдар егістікте әлі 50 пайызы орылған жоқ.

Шаруалардың айтар уәжі ортақ. Бәрі де егістікті толық орып үлгірген жоқ. Егер арзандатылған жанармай мәселесі жақын арада шешілмесе, егіннің екінші жартысы қардың астында қалуы мүмкін. Бұл түйткілге қатысты әкімдік өкілдері министрлікке хат жолданғанын айтты.

Диляра Жылқайдарова, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

- Қыркүйек айының көлемінен 6,5 мың тонна бүгінгі күні жеткізілді. 2 мың тоннасы қазан айында жоспарда тұр. Сонымен қатар біздің жаңадан құрылған Абай облысын қоса қосқанда 8 мың тонна қажеттілікке энергетика министрлігіне сұраным жіберілді. Бұл мәселе әлі күнге шешімін тапқан жоқ. 

Ауыл шаруашылығы министрлігі мамандарының мәліметінше, жыл сайын елде жиналатын күнбағыс көлемінің 70%-і шығыс өңірге тиесілі. Биыл елімізде агроқұрылымдарға бөлінген жанармай мөлшері 27 мың тоннаға артқан. Дегенмен егістік көлемі қосымша 100 мың гектарға ұлғайтылыпты. Ал Павлодар мұнай-химия зауытында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Еркебұлан Смадияров, Дмитрий Пыхтин