«Бейнеу» полигонында барлаушылардың оқу-жаттығуы өтіп жатыр

Еліміздің батыс өңіріндегі «Бейнеу» полигонында барлаушылардың екі жақты оқу-жаттығуы өтіп жатыр.

Қарама-қарсы тараптар, яғни шаРтты шабуылдаушы мен жауынгерлік қорғаныс тобы барлау және іздестіру бойынша, іс-қимылдарын пысықтайды. Осының бәрі "Айбалта-2022" әскери стратегиялық жаттығуы аясында ұйымдастырылған. Қарсылас тараптың, ұшқышсыз басқарылатын құралдарын қолдану мүмкіндігін ескеріп, барлаушылар күндіз және түнде қолданатын тактикасын іске асырады. Сонымен қатар әуеден соққы жасауға, артиллерияны қолдануға, және атысты реттеуге дағдыланады.