«Жоламан» әуе айлағында тиісті талапқа сай ұшу-қону жолағы жоқ

Астанадан 25 шақырым қашықтықта орналасқан «Жоламан» әуе айлағы. Мұндағы ұшу қону жолағы қарапайым қара топырақ. Мұндағы пилоттар мынадай ұшақтарды басқарып үйренеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір қарасаң кішкентай, жеңіл ұшақ. Бірақ мұнымен де пилоттар ең қиын элементтерді орындай алады.

Авиациялық оқу орталығы мамандарының айтуынша, мұндай элементтерді кез келген адам 2 жылдың ішінде үйрене алады. Бірақ бұл жердің инфрақұрылымы көңілдей шыға қоймайды. Біріншіден, тиісті талапқа сай ұшу-қону жолағы жоқ.

Серікбек Жандыкеев, Авиациялық оқу орталығының директоры:

- Біздің ұшу жолағымыздың аумағы 200 гектар. Ресми түрде тиісті талаптарға сай емес деп танылған. Өйткені, ұшу-қону жолағында бетон түгіл асфальт жоқ. Навигация, қажетті радиоэлектроникалар, одан қалды әуе кеңістікті бақылайтын радиоэлектроникалармен де жабдықталмаған. Тағы бұл жерде диспетчерлік орталық пен медициналық пункт болуы тиіс. Бұл әуе айлағының әлеуетін кеңінен пайдалану үшін инфрақұрылымды жаңарту керек.

Тағы айта кету керек, әуе айлағында ең қажетті қызмет – метереологиялық қызмет те жоқ. Яғни, ұшар алдында желдің екпінін анықтау мүмкін емес екен. Салдарынан мынадай жағадайлар туындайды.

Абырой болғанда бұл ұшқышсыз ұшатын аппарат. Енді бұндай түрлі мақсатта қолданылатын қондырғыларды «Жоламан» әуе айлағында сынақтан өткізу жиі жүргізіліп тұрмақ. Себебі аэродром Қорғаныс министрлігінің балансынан түрлі техника шығаратын ұлттық компанияға берілген. Соның арқасында Авиациялық оқу орталығында тек әскери мақсаттағы қондырғылар емес, азаматтық бағыттағы аппараттарда өз әуселесін кеңінен көрсету мүмкіндігіне ие болды.

Ардақ Бектасов, ЖШС директоры:

- Біз секілді ұшқышсыз ұшу аппараттарын шығаратын кәсіпкерлер үшін осындай айлақтардың қолжетімділігі әрине қуантады. Өйткені жазық далада өз өнімдеріміздің мүмкіндігін кеңінен көрсетуге болады. Қазір біз тапсырыс берушілерге зауыттың маңында зертханалық жағдайда ғана айтып, көрсете аламыз. Ал кең ауқымды сынақтар мемлекеттік органдар шақырғанда немесе құзырлы органдардар тиісті рұқсат алып қала маңында жүреді. Бұл әрине, біраз қиындық туғызады.

Ұлттық компания өз базасында авиациялық кластер құру ұсынысын да айтты. Өйткені қазіргі таңда жеке кәсіпкерлер өнімге қажетті бөлшектерді шетелдерден алады. Бұл қып-қызыл шығын. Сондықтан кластерлік өндірісті іске қосып, отандық компаниялардың өздері бір-біріне керек бөлшекті жасап беру мүмкіндігі пайда болмақ. Осылайша авиация саласындағы қазақстандық үлес ұлғая түседі деген жоспарда.

Қанат Халықов, Ұлттық компанияның Авиациялық жобалар жөніндегі бас менеджері:

- Мамандар дайындау керек. Қазақстанда бірнеше авиакомпаниялар бар. Соларға қазірден бастап маман дайындау жағын, ұшқыштар, техниктер дайындау жағын ары қарай қолға алу үшін осы авиациялық оқу орталығы Қазақстан Инжиниринг компаниясына беріліп отыр.

Осы кәсіпорынды алғаннан кейін осының базасында тікұшақты жасайтындар, құрастыратындарды біріктіріп, бірге жұмыс жасасын.

Айта кету керек, Қазақстанда ұшқышсыз ұшу аппараттарын шығаратын санаулы ғана компания бар. Бірақ олардың еш бірінде қондырғыны кең ауқымда сынай алатын әуе айлақтары жоқ.

Авторлары: Риат Шони, Руслан Әлиев

 

 

 

 

Сондай-ақ...