Отбасы банкі салымшыларына өтемақы төлеу үшін өтінімдерді қабылдау басталды

Мұны онлайн режимінде «Баспана маркет» порталындағы жеке кабинетте жасауға болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл ретте Банк бөлімшесіне барудың қажеті жоқ. Салымшылар 2022 жылғы 23 ақпанда өз шоттарында болған жинақтарға 10% көлемінде өтемақы ала алады. Депозиттері бойынша аралық және алдын ала қарыздар ресімделген азаматтарға да төлемдер тиесілі. Өтемақы 2023 жылдың 23 ақпанынан кейін жіберіледі. Депозитті төлемдерді жібергенше сақтау маңызды. Сонымен қатар депозит иелері міндетті түрде өтемақыға келісімін растауы керек.