Рим Папасы Қазақстанға сапары туралы не деді?

Рим Папасы Франциск елімізге жасаған Апостолдық сапарының қорытындыларын жариялап, дәстүрлі жалпы аудиенциясын өткізді.

Мыңдаған католиктің алдында Понтифик Қазақстан - өркениет пен батылдықтың үлгісі екендігін айтты. Мәртебелі мейман болып, әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезіне қатысуға шақырған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа, жылы қарсы алған қазақстандықтарға алғысын білдірді. Сондай-ақ Рим Папасы 30 жыл ішінде Қазақстан бұндай жиынды осымен 7-мәрте өткізгеніне ерекше тоқталды.