Павлодарда мұз қалашық салынады

Мұз мүсіндер патшалығы. Павлодарда биыл қысқы мұз қалашығы пайда болады.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық  бөлімі қалалық мәслихаттың  сессиясында бұл мақсатқа 25 миллион теңге  сұраған. Мамандар қала бюджетінен бөлінетін қаржы көлемін өзге өңірлердің тәжірибесіне сүйене отырып анықтапты. Егер бұдан арзанға түсетін болса, артылған қаржы бюджетке қайтарылады. Қазір мұз қалашығын салуға қолайлы орындар таңдалып жатыр. Бұрын Павлодардың орталық жағалауын қыс мезгілінде мұздан жасалған сәулетті  ғимараттар, ертегі кейіпкерлерінің түрлі мүсіндері мен кескіндемелер безендіретін. Араға жылдар салып, сол дәстүр қайта жанданбақ. Алайда  құны қымбатқа түсетін мұз қалашығының ғұмыры, қаншалықты ұзақ болатыны, тек ауа райына  байланысты.  

Салтанат Әкімбекова, қала әкімінің баспасөз хатшысы:

- Қазан айының соңына дейін қысқы мұз қалашығының эскиздік жобасы, жобалық-сметалық құны дайындалады. Мердігер ұйым мен аталған жұмыстың нақты құны байқау қортындысына сай анықталады.

Сондай-ақ...