loader

Астанада «Инклюзия ханымы» байқауы өтті

Астанада «Инклюзия ханымы» байқауы өтті

Әлеуметтік жобаға 18 бен 35 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі қыз-келіншектер қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда өткен шараға қала әкімдігі, белсенді Валентина Толмачева мен «Қолжетімді Қазақстан» жобасының волонтеры Гүлнар Ақмолдина ұйытқы болды. Мақсаты – мүгедектігі бар нәзік жандылардың қоғамдық өмірге етене араласуын қамтамасыз ету. Конкурсқа қатысушылар сахнаға шығып, өздерін ерекше таныстырды. Бойындағы бар дарыны мен өнерін көрсетіп, көрермен қошеметіне бөленді.

Әсел Қадырова, байқауға қатысушы:

- Қатысуымның себебі өзімді көрсеткім келеді. Ешкімнен ешқандай кемшілігім жоқ.

Шұғыла Құдайбергенова, Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары:

- Осы сахнаға шығудың өзі қатысушылардың өжеттілігін көрсетіп тұр. 8 аталым болады. Қайратты ханым, сәнді ханым, өнерлі ханым, талантты ханым, кербез ханым. Ішінде ерекше көзге түскен қатысушы «Инклюзия ханымы» атанады.

Сондай-ақ...