Жарты жылда жеті мыңға жуық адам онкологиялық дерттен қайтыс болды

Елімізде онкологиялық ауруға шалдыққандар саны артып барады. Биыл жарты жылдың ішінде Қазақстанда 7 мыңға жуық адам қатерлі ісіктен қайтыс болған. Дәрігерлер де қолдан келгенді жасап жатыр. Қазір елімізде сырқатты ерте анықтауға мүмкіндік бар дейді мамандар.

- Отсюда, из под ребра вырезали хрящ. Потом наращивали сюда. Как инкубатор под кожу посадили.

Елорда тұрғыны Қуандық Ахметовтың қатерлі ісікпен күресіп келе жатқанына 6 жыл болды. Көмейдегі рактың кесірінен күлу түгілі көп сөйлеуге болмайды. Дәрігерлер тыйым салған. Қазір тамағына – трахеостома, яғни,  арнайы түтік орнатылған. Осы күнге дейін ер азамат 11 операция және 34 сәулелік терапиядан өткен. Бұл құрылғысыз Қуандық Ахметов дем ала алмайды.

Қуандық Ахметов, қала тұрғыны:

- Симптомдар болғанын біз қазір білеміз. Ол кезде аурудың белгілері байқалмады. Дауысы отырып қалады, кейін қайтып шығады. Жырты жыл солай болған шығар. Біз оны балмұздақты көп жегеннен шығар деп ойладық. Өйткені тым жақсы көреді.

Қатерлі ісік – бұл тек егде жаста кездесетін ауру емес. Гарвард медицина мектебі ғалымдарының зерттеулеріне сай - онкология 50 жасқа толмаған адамдарда жиі кездеседі. Биыл жарты жыл ішінде Қазақстанда 7 мыңға жуық адам обырдан қайтыс болған. Ресми статистикаға сәйкес, елімізде онкология өсімі бар, бірақ дәрігерлер аурушаңдық деңгейі сол қалпында, тек оны анықтау сапасы жақсарғандығын айтады.

Мәселен, ядролық медицина орталығында өндірілетін радиофармпрепараттардың көмегімен зерттеулердің санын 2 есеге дейін арттыруға болады. 

Мақсат Жайымбаев, ядролық медицина орталығының радиоизотоптық диагностика дәрігері:

- Қатерлі жағы өте минималды. Яғни бұл қалыптасқан организмге жасы 16-дан асқан адамдарға ешқандай қауіпті әсері жоқ деп есептелінеді. Өте аз дозада беріледі. Біз тек пациенттерге исследованиеден кейін 16 жасқа дейінгі балалар мен емізулі аналармен контакке түспеуге, яғни қасына жақындамауды, сөйлеспеуді ұсыныс жасаймыз.

Жалпы ядролық медицина орталығы қазақстандықтарды қараша айынан бастап қабылдауды жоспарлап отыр. Диагностиканы кез келген отандасымыз міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесі аясында жасата алады.

Риат Шони, Айнұр Қуат, Айгүль Амантаева және  Руслан Алиев