Павлодарда мүгедек жандарға арналған жаттығу залы ашылды

Павлодарда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жаттығу залы ашылды.

Жаңа нысан арбаға таңылған азаматтарға дене шынықтырумен айнасылуға мүмкіндік береді. Оған қоса қызметтердің барлығы тегін. Әлеуметтік жобаны жүзеге асыруға павлодарлық Бақберген Қаламұш мұрындық болды. Әскерде ауыр жарақат алған ол өзі сияқты ерекше жандарға көмектесуді мақсат еткен. Игі істі қолдайтын демеушілер де табыла кетті. Мемлекеттік қолдаудың арқасында 5 млн. теңгенің грантына ие болып, құрал-жабдықтар сатып алған. Қазіргі уақытта күніне 10-ға жуық азамат келіп, жаттығады. Келушілердің арасында балалар да бар. Бүгінде жаттығу залы облыс орталығында ғана емес, Павлодардың іргесіндегі Кенжекөл ауылында да жұмыс істейді.

Бақберген Қаламұш, Павлодар қаласының тұрғыны:

– Өзім өмір көріп жатқан соң, қиындығын көріп жатырмын. Біреуге пайдам тисе екен деймін. Мақсат ақша табу емес, мақсатым адамдарға көмектесу. Пайдам тисе. Өйткені, өмірте түрлі жағдайлар болады, көп балалар ата-аналарының көмегімен қозғалады.