Алматыда кәсіпкерді ұрлағандар оны босату үшін 200 мың доллар талап еткен

Алматы қаласында жеке кәсіпкерді ұрлаған қаскөйлер оны босату үшін 200 мың доллар талап еткен. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.

Көп кешікпей тәртіп сақшылары қылмыстық топты ұстады. Бұрын боПсалау және бұзақылық үшін сотталған күдіктілер 40 жастағы алматылық азаматты Алмалы ауданындағы тұрғын үй кешенінің маңынан, ұрлап кеткен. Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, тез арада арнайы, жедел тергеу тобы құрылып, іс-шаралар кешені жүргізілген. Бұл ұрлаушылардың жеке басын анықтап, олардың жәбірленушіні, қай жерде ұстап отырғанын жылдам табуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде адам ұрлаған, төрт күдікті қолға түсті.

Салтанат Әзірбек, қалалық ПД ресми өкілі:

- Ұрланған азамат аман-есен табылды. Оны қатты соққыға жыққан. Оған медициналық көмек қажет болды. Жәбірленушінің айтуынша, бейтаныс адамдар оны босату үшін 200 мың доллар талап еткен. Әйтпесе героині бар иньекция енгіземіз деп қорқытқан. Қылмыстың нақты себебі, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 125 бабының 2 бөлімінде тіркелген, сотқа дейінгі тергеу барысында белгілі болады.