Отбасы банктен өтемақы алуға өтініштер қабылданып жатыр

Отбасы банктің 2 жарым мың салымшысы мемлекеттен өтемақы алуға өтініш берді. Бұл туралы бүгін қаржы ұйымының өкілдері арнайы брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өтініштер онлайн түрде Баспана маркет порталында қаңтар айының 1-іне дейін қабылданады. Сайтта әр салымшыға тиесілі өтемақы сомасы есептеледі.

Айта кетерлігі, бұл қаражатқа тек депозитте ақша жинап жатқандар ғана емес, аралық немесе алдын ала займ алғандар да қол жеткізе алады.

Жансұлтан Матай «Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры:

– Несиеге жинап жатқан адамдарға да 10 пайыз қосылады және де осы 2022 жылдың 23 ақпанына дейін бізден аралық және алдын ала займ алған біздегі кепілдікте тұрған депозиттерге де 10 пайыз қосылады. Өтініштер қазанның бірінен бастап қаңтардың біріне дейін қабылданады.