СҚО-да артемия салина шаяндары азайып барады

Бұл – Солтүстік Қазақстан облысының мақтанышы – Меңгесер көлі. Ғалымдардың айтуынша, оның тұзды суы құрамы жағынан Өлі теңізбен бірдей. Жаздың күні жұрт минералды айдынға түсіп, дертке дауа балшығын жағуға жиналады. Ал, күзде артемия салина шаяндарына жинауға құмар, деп хабарлайды «Хабар 24».   

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Артемия салина деп аталатын шаяндар міне осы. Нақтырақ айтқанда, оның жұмыртқалары. Бір қарағанда, балшыққа ұқсайды. Броконьерлер тұзды көлге осы үшін келеді.

Желді күндері артемия салина қатты толқынмен жағада жатады. Оның «қара нарықтағы» құны қабына 40 мың теңгеден басталады. Бағалы шаяндар негізінен Қытай еліне экспортталады. Сондықтан тұзды көлдер оңай олжаның ордасына айналған.  

Марат Есімсейітов, «Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ басшысының орынбасары:

- Артемия салина шаяндарын заңсыз өндіру – қылмыстық жаза қолданылатын әрекет. Оның бір келісінен 3 айлық есептік көрсеткіші көлемінде шығын келеді. Биыл осыған байланысты екі қылмыстық іс қозғалды.

Балық инспекторлары қыркүйектен бері топ-топқа бөлініп, тұзды көлдерді күзетуге көшті. Броконьерлер жинайтын жерлерді күндіз қарап, түнде шығады.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

Міне қазір сағат түнгі он жарым. Манадан бері осы көлдің жағасын жағалап жүрміз. Қазір ана жерде бір жігіттің жүргенін байқадық.

Күдік тудырған жігіттің көлігінен түк те табылмады. Түн жарымда жалғыз өзің не істеп жүрсің деген сұраққа былай деп жауап берді. 

Дархан:

Жай жүргем қыдырып. Неменесі бар онда? Көлдің жиегінде қыдыруға болмай ма енді?

– Жалғыз өзіңіз?

  • Иә, жалғыз өзім. Машинамен шықтым кешке қарай қыдыруға.
  • – Романтика ма?
  • – Иә романтика.

Өңірде артемия салына шаяндары бар 16 тұзды көл бар. Биыл балық инспекциясы бұған дейін жалға берілген бірнешеуін сот арқылы қайтарып алды. Енді олар қайтадан конкурсқа қойылмақ.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов