Әлемдік додадаларда топ жарған спортшыларға берілетін зейнетақы 4 есеге өседі

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі мәлімдеді. Олардың ай сайынғы төлемақы деңгейі осыған дейін 76 мың теңге болса, енді бұл қаражат 318 мың теңгеге дейін көтеріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ биыл төрешілердің де жалақысы өсетін болды. Жалпы қазақстандық спортшылардың дүбірлі додалардағы нәтижесі жаман емес.  

Атап айтсақ, Әлем жене Азия чемпионаттарында ел спортшылары жыл басынан бері 133 алтын, 135 күміс, 148 қола жүлдені иеленген.

Бекболат Байжанов, ҚР МСМ комитет төрағасының орынбасары:

- Шешімін таппай келе жатқан тағы бір мәселе 105 бұйрық бекітілді. Ұлттық Олимпиада комитеті ұлттық құрама командаларды дайындаумен айналысқалы 2017 жылдан бері оларға арналған спорттық жабдықтар сатып алынбаған. Енді бұл мәселе өз шешімін тауып, спортшыларымызға спорттық жабдықтарды сатып алуды жүзеге асыру әлдеқайда жеңіл болады.