Абай облысындағы «Еңлік Кебек» мазары жаңартылды

Қалпына келтіру жұмыстары жазушы Мұхтар Әуезовтың 125 жылдық мерейтойына орайластырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шыңғыстаудағы мавзолей алғаш рет 60 жыл бұрын жөнделген болатын. Осы жолы да зираттың ауласы абаттандырылып, қос ғашыққа арналған ескерткіш реставрациядан өткізілді. Бұдан бөлек жүрек пішініндегі арт кескіндеме орнатылды. Нысанның  салтанатты ашылу рәсіміне келген көпшілік назарына театрландырылған көрініс ұсынылды. Екі жастың махаббатын жыр еткен шығарма ешкімді де бей-жай қалдырмады.

Нұржан Әбдікәрімов, Абай ауданының әкімі:
- Жергілікті бюджеттен қаражат бөлінді абаттандыруына 13млн , мына мүсінді жасағанға 20 млн қаражат бөлінді нәтижесін көріп отырсыздар. енді бүгінгі күні бүкіл жастарымыз осы жерг келіп тағзым жасайды, бүгінгі күні Енлік пен Кебекмахаббаттын символы.