Құрылыс нысандарына «ЖСН» беріледі

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев құрылыс нысандарының бірыңғай кадастрлық номері түзілетінін айтты.

«Ол үшін біз объектінің бірегей нөмірін енгізуді пысықтап жатырмыз. Бұл біріздендіру, жеке сәйкестендіру номерімен ұқсастығы бойынша сәулет-жоспарлау тапсырмасын беруді қамтамасыз етеді», — деді министр Үкімет отырысында. Сондай-ақ ол құрылыс нысандарының құжаттары түгел тексерілетінін мәлім етті.