Көшелерде жүк көліктер бейсауат жүрмейді

Жүк көліктері қатаң бақылауға алынады. Ол үшін көше бойына арнайы бейнекамералар орнатылып бір орталықтан басқарылмақ.

Жаңа жүйе шамадан тыс жүк тиеген көлік болса, анықтап автоматты түрде тіркейді. Бұл жөнінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі брифинг кезінде мәлімдеді. Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша жолды бұзатын осы ауыр жүк көліктері. Ал оларды қадағалап, жауапқа тартып отыруға көлік инспекциясы қауқарсыз. Енді бұл мәселе цифрлық технологияның арқасында жөнге келуге тиіс. Жоба сәтін салса жыл аяғына дейін жүзеге асады. Ал республикалық, облыстық деңгейдегі жолдарды бақылау сол жолды салған кәсіпкерлерге жүктелуі мүмкін. 

Қайырбек Өскенбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

- Көлік бақылау комиттеті мамандарының міндеті. Олар сол міндетін атқармай жаңағы жүк тасмалдайтын адамдармен келісіп бір сыбайласқа барады. Соны жоқ қылу үшін жаңағы цифрлық ретінде асфальтке жаңа технологиялар бойынша өлшемелерді салып жаңа технология бойынша камералар салып кісілерді мүлде жолдардан алып кетуіміз керек. Бірақ информация бірінші біздің орталық сервиске түсу керек. Біз көру керекпіз анау сергек сияқты айыппұл салыну керек. Сол себепті жаңа системаны жасап жатырмыз. Биыл бітіреміз бе деп едік. Бірақ үлгермеуіміз мүмкін. бірақ тырмысамыз сол үшін.