Қазгидромет қазан айының алғашқы 10 күніне болжам жасады

Ертең Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан, Атырау облыстарында жел күшейіп, дауыл тұрады.

Ақтөбе облысында температура 2 градусқа дейін төмендейді. Ал жалпы синоптиктер болжауынша, қазан айының алғашқы онкүндігі елдің басым бөлігінде шуақты болмақ. Термометр бағандары түнгі уақытта нөлден төмен болғанымен күндіз айтарлықтай жылы болмақ. Оңтүстік, шығыс аймақтарда температура климаттық нормадан сәл жоғары болады. Ал айдың екінші және үшінші онкүндігінде солтүстік-батыс аймақтарда ауа температурасы орташа қалыпты деңгейден төмендейді. Бұл күндері елдің басым бөлігінде тұрақсыз күн райы сақталады: жаңбыр соңы қарға ұласып, тұман түседі, көктайғақ болады. Солтүстік аудандарда жаяу бұрқасын соғуы мүмкін.

Ақжамал Сағынтаева "Қазгидромет" РМК инженер-синоптигі:

- Бір айдағы орташа ауа температурасы республиканың басым бөлігінде норма шамасында. Ал Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен шығысында нормадан 1 градус жоғары. Еліміздің қиыр солтүстік-батысында нормадан 1 градус төмен болады деп болжанады. Жауын-шашынның мөлшері Қазақстанның басым бөлігінде норма шамасында болса, солт-шығыс және оңт-шығыс және таулы аудандарында нормадан көп болады деп болжануда.

Сондай-ақ...