ҚР ТЖМ әйелдер құрамасы өрт сөндірушілер арасындағы әлем чемпионатында топ жарды

Төтенше жағдайлар министрлігінің әйелдер құрамасы өрт сөндірушілер арасындағы VII әлем чемпионатында жеңіске жетті.

Олар Ресей, Беларусь және Өзбекстан командаларынан озып шықты. Спортшылар өрт сөндірудің үздік техникасын көрсете алды. Олар берілген тапсырманы 27,16 секундта орындап үлгірген Сайыста көрсетілген дағдылар өрт сөндірушілер үшін өте маңызды. Спорттың бұл түрі құтқарушылардың жылдамдығы мен шыдамдылығын дамытады дейді мамандар.