Президент Қарағандыдағы кәсіпорындарды аралады

Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Президент өңірдегі кәсіпорындарды да аралады.

Атап айтқанда автобус және коммерциялық техника шығаратын QazTehna зауытының жұмысымен танысты. Былтырдан бері кәсіпорында 347 автобус пен электробус құрастырылған. Биыл 700-ден аса көлік жасауды жоспарлап отыр. Оның ішінде 208 автобус еліміздің тоғыз облысындағы білім беру ұйымдарына беріледі. Зауыт  қытайлық Yutong компаниясымен серіктестік орнатқан. Қазір автобус бөлшектерінің 33%-і жергілікті материалдардан. Алдағы бес жылда бұл көрсеткішті 50%-тен асыру жоспарланып отыр. Зауытта 560 адам жұмыс істейді. Еңбек ұжымының басым бөлігі - Саран қаласының тұрғындары. Мемлекет басшысы олардың еңбегін жоғары бағалап, жұмыстарына табыс тіледі.