Қостанай облысында «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамының бұрынғы директорына сот жаза кесті

Жүк вагондары паркінің экс-басшысы кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алып отырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Вагондарды кедергісіз, әрі жедел жеткізуге ықпал еткен. Оның сыбайласы «Вадиса М» серіктестігінің жетекшісі де заң алдында жауапқа тартылды. 

Зәуре Едікова, облыстық Соттың баспасөз қызметінің басшысы:

- Усабековке орташа қауіпсіздік мекемесінде 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сол үкіммен Таировқа пара беру фактісі бойынша параның жиырма еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл белгіленді. Бұл 24 млн теңгеге тең.