Павлодарда 50 мектепке жөндеу жүргізілді

Айгүл Закарьянова еңбек жолын 10 жыл бұрын бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Содан бері түрлі деңгейдегі пән олимпиадалар мен ғылыми жобалар сайыстарына шәкірт даярлап келеді. Маманнан тәлім-тәрбие алғандардың қатарында елге танылған үздіктер бар. 

Айгүл Закарянова, физика және математика пәнінің мұғалімі:

– Оқушылардың бірінші дарындылығын ояту, пәнге деген қызығушылығын ояту маққсатында біз әртүрлі әдіс-тәселдерді қолданамыз. Оқушыларды пәнге, ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді аралстыру мақсатында. Ғылыми жобадан да, облыстан да, қаладан да орындарымыз бар. Мақтанып айта аламыз ол туралы.

Павлодарлық оқушылар жыл сайынғы зияткерлік жарыстар мен пән олимпиадаларында 120-дан астам медальге ие болған.  Баланың зейінін ашып, ғылымға деген қызығушылығын арттыру үшін мұғалімнің де біліктілігін арттыру маңызды.  Тәжірибелі ұстаздардың пікірі осындай.

Халида Бекбосынова, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі:

– Заманауи мектеп бұл тек ішінің әсемділігі емес, сонымен қатар, білімінің толығымен оқушыларға беруі, мүғалімдердің креативті, жан-жақты болуы. Ертеңгі күні осы білім ордасын бітірген кезде тек алғысын білдіретіндей. Сондай жағдайда болу керек заманауи мектеп.

Облыста «Заманауи мектеп» бағдарламасы бойынша ондаған білім ордасы жаңғыртылды. Ғимараттардың сыртқы келбетінен бөлек, цифрлық технологиялармен қамтып,  оқушыларға қолайлы орта қалыптастыру жағы негізге алынды. Мәселен, 117 жылдық тарихы бар мына мектеп өткен жаңа кейіпке енді.

Авторлары: Ақмарал Есімханова, Марат Игіліков