Шымкенттегі перинаталды орталық гипотермия аппаратымен жабдықталды

Шымкенттегі қалалық перинаталды орталық гипотермия аппаратымен жабдықталды.

Бұл жаңа туған сәбиді аман алып қалуға көмектеседі дейді, -дәрігерлер. Яғни нәрестені аппаратқа қосу арқылы дене температурасын автоматты жағдайда біртіндеп төмендетіп, ондаған сағат бойы қажетті деңгейде ұстап тұруға болады. Осы тәсілмен бала ағзасындағы метаболизмді өзгертіп, бас миын глюкозамен қамтамасыз етуге жол ашылады. Сондай-ақ орталық жүйке жүйесінің жасушаларын қорғап, қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Елімізде бұл аппарат арқылы ауыр асфиксиямен туған 16 бала қалыпты өмірге бейімделді. 

Дәулет Сатов, қалалық перинаталды орталық бас дәрігерінің орынбасары:

- Бұл аппарат болмаған жағдайда қолда бар құралдармен мұздатқанбыз. Ал бұл уже автоматтандырылған дайын аппарат. Уақытты да көп алмайды және температураны да бір деңгейде ұстап тұрады. Осы аппараттың арқасында нәтижеміз де бар. Бір бала ауыр жағдайда асфикциямен туған. Осы аппараттың арқасында ол баламыз аман-есен реанимациядан шығып, анасының қолында.