Ақтауда СЖҚА қызметкерлері кәсіпкерлер және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті

Ақтауда СЖҚА қызметкерлері кәсіпкерлер және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті

Ақтауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттік қызметкерлері кәсіпкерлер және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті.

Жемқорлық тәуекелдері картасына енгізілген іс-шаралармен таныстырды. Құжат негізінде атқарылып жатқан жұмыстар білім, денсаулық сақтау, экология және бизнес салаларын қамтиды. Биыл ақпанда Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын бекіткен болатын. Онда  жең ұшынан жалғасқан жемқорлық деректерін тергеп-тексеруге емес, олардың алдын алуға басымдық беріледі. Уәкілетті орган өкілдері аймақтарды аралап, тұжырымдама мазмұнын халыққа түсіндіріп жүр.

Саян Ахметжанов, ҚР СЖҚІА Превенция қызметінің басшысы:

- «Атамекен» палатасының шеңберінде арнайы жұмыс тобы бар. Ол топ күнделікті болып жатқан әкімшілік кедергілерді, осы бизнестің дамуына қандай сұрақтар бар соларды талқылаймыз. Сол сұрақтарды әкімнің алдына, қажет болса Үкіметтің алдына, министрліктердің алдына қойып әрі қарай шешімін табуға тырысамыз.