Жарыстан озып келген ТЖМ әйелдер құрамасын Шымкент әуежайында күтіп алды

Өзбекстанда өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әйелдер арасындағы VIIІ Әлем чемпионатында Қазақстан құрама командасы жеңіске жетті.

Алтыннан алқа таққан үздіктерді Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері салтанатты жағдайда күтіп алды. Спорттық сайыс Самарқанд қаласында өтті. Жерлестер, жауынгерлік қанат жаю бойынша 27,16 секунд ішінде берілген тапсырманы шебер орындап, өзге топтардан дара шықты. Екінші және үшінші орындарға Ресей Федерациясының командасы, Беларусь және Өзбекстан Республикасының командалары жайғасты. Ал бұған дейін бес дүркін әлем чемпионы атанған ерлер құрамасы бұл жолы қарсыластарына есе жіберіп, жеңілістің дәмін татты. Федерация басшысы елдегі өрт сөндірушілердің спорттық шеберлігі мен командалық мүмкіндігі әлем елдері арасында алдыңғы қатарда екенін айтады.  

Назерке Өмірғалиева, Түркістан облыстық ТЖД орталықтандыру және байланыс бөлімінің шебері:

- Бір жыл көлемінде үш оқу-жаттығу болды. Дайындалдық. Әр қалада әр қаладан келген қыздармен. Мықты деген 10 қызды таңдап осы команда жасақпен бардық. Басты мақсатымыз бірінші орын алу болды. Сол мақсатымызды орындадық. 

Дәурен Данаев, ҚР Өрт сөндіру-құтқару федерациясының атқарушы директоры:

- Біздің қыздар өзінің тактикалық шеберлігімен үштікті ұстап отырды. Сосын ең соңына келгендегі жаттығуда алтынды жұлып алды.

Сондай-ақ...