СҚО-да өңір диқандары 4,6 млн тонна астық жинады

Абырой болғанда, биыл егінді уақытылы жиналды. Әрі түсімі де мол. Солтүстік Қазақстан өңірінде де егін орағы аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Диқандар биыл ел қамбасына 4,6 миллион тонна астық құйды. Облыс бойынша әр гектардан алынған өнім орта есеппен 15 центнерден келеді. Енді жиналған бидайдың бір бөлігі Иран, Ауғанстан, Өзбекстанға экспортталады. Жалпы көктемде жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 4 миллион 400 мың гектар алқапқа дән сепкен. Оның 3 миллионы бидай, қалғаны майлы дақыл. Жалпы биыл аймақта астық бітік шықты. Былтыр қуаңшылықтың салдарынан өңір шаруалары небәрі 3,7 миллион тонна астық алған болатын.

Мейрам Меңдібаев, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы:

– Астықтың сапасы қазір элеваторларға тапсырылып жатыр. 1,3 миллион тоннасы енгізілді. Соның 81 пайызы 3-класстың сапасы. Кликовинаның да, барлығының сапасы жоғары. Қазір ауа-райы жақсы болып тұр. Бұйырса, жақын күндері майлы дақылдардың да жиын-терімі аяқталады.