Кәсіподақтар интернет арқылы жұмыс істеп отырған азаматтардың мүдделерін қорғауға дайын

Бұл туралы Орталық Азия елдері кәсіподақтарының конференциясында айтылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сарапшылардың пікірінше, Қазақстанда 500 мыңнан 900 мыңға дейін адам цифрлық экономикада еңбек етеді. Көрсеткіштің жылдан жылға арта беретіні де анық. Екі күнге жоспарланған конференция аясында Халықаралық еңбек ұйымы және Орталық Азия кәсіподақтары жұмысшыларының мүддесін қорғау жөніндегі «Алматы декларациясына» қол қойылады. Цифрлық дәуірде кез келген елден жұмыс табуға болады. «Сондықтан олардың құқын қорғайтын механизмдерді жетілдіру қажет»,-дейді сарапшылар.

Сатыбалды Дәулеталин, Қазақстан Кәсіподақтары федерациясының төрағасы:

- Европа мемлекеттерінде оның ішінде мынау біздің Орталық Азиядағы бауырлас елдерде көптеген тәжірибе жұмыстары бар. Бірақ бұл енді жаңаша, жаңадан еніп жатқан үрдіс екенін өздеріңіз түсінесіздер. Сондықтан бұл жерде бірден қалыптасқан, белгіленген жол бар деп айту қиын.