Қазақстанда авторлық құқыққа байланысты заң қайта қаралуы керек – сарапшылар

Қазақстанда авторлық құқыққа байланысты шешілмеген мәселе көп. Тіпті сонау 1996 жылы қабылданған заңды қайта қарайтын уақыт жетті,- дейді мамандар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматыда басталған халықаралық конференцияда алыс жақын шет мемлекеттерден келген мамандар «Қоғам дамуындағы авторлық құқықты қорғаудың рөлі» тақырыбында пікір алмасты.  Биылдың өзінде Қазақстан авторлар қоғамына 40-тан аса әртүрлі шағымдар келіп түскен. Олардың басым көпшілігі ақындар, композитор мен әншілерден. Менің әнімді, менің сөзімді ұрлап алды деген дау-дамай көбеймесе азаймай тұр. Айтыскер ақындардың, журналистердің авторлық құқығы қорғалмаған. «Сондықтан осы халықаралық конференциядан кейін  дамыған елдердің тәжірибесіне сүйене отырып дайындаған ұсынысымызды Парламентке жібереміз»,-дейді Қазақстан авторлар қоғамының өкілдері.

Балнұр Қыдырбек, Қазақстан авторлар қоғамының төрайымы:

- Қазақстан авторлар қоғамы өз іс-қимылында өз ісінде 1996 жылы қабылданған ҚР авторлық құқық және сабақтастық құқық туралы заңы бар соған негізделеді. Бірақ ол 96 жылы қабылданған 30 жылдай бұрын. Осыдан жарты жыл бұрын Парламент бір өзгерістер  кіргізді. Бірақ бап бойынша қарап шағын өзгерістерді кіргізді. Ол негізінде бүгінгі өмірге сәйкес емес. Ол  заңды бүгінде жаңа редакциясын жаңа түрде  қосымша  кеңейтілген түрде қайтадан болса деген ой бар.