Қарағанды маңындағы Саран қаласының индустриялық аймағы инвесторларға қызықты болып отыр

Халық саны 50 мыңнан асатын Саранның соңғы уақытта екінші тынысы ашылған. Облыс орталығынан небәрі 25 шақырым қашықтықта жатқан қаланың қазіргі индустриялық аймағы инвесторларға қызықты болып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінде жүзеге асып жатқан 7 жобаның нәтижесінде 6 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылады. Мысалы тек Татарстан мемлекетімен бірлескен шина жасау зауытына 1 100 адам жұмысқа қабылданады. Зауыттың жалпы ауданы – 28 гектар. Жылдық қуаты – 3,5 млн шина.  Қазақстанда жасалған көлік дөңгелегі биылдан қалмай нарыққа шығуы мүмкін.

Дархан Байдалин, жоба жетекшісінің орынбасары:

- Қазір бірінші осьттан 79-осьтқа дейін барлық құрылыс-монтаждау жұмыстары бітті. Біз қазақстандық компания болғандықтан қазақстандық материалдарды қолдануға тырысамыз. Алғашқы шина осы қазан айында шығып қалуы керек.

Индустриялық аймақтың өзі кезінде бүкіл Кеңес одағына танылып, шина шығарған РТИ зауыты ауданында тұр. 90- жылдардың аяғында аталған зауыт жабылып, салдарынан шағын аудан қаңырап қалған болатын.

Дәуренбек Бағдәулетұлы, тілші:

– Серіктес Саран қаласының РТИ шағын ауданы десе, көбіне мынандай қаңырап қалған үйлер елестейді. Расында олардың саны әлі де аз емес. Десе де бұл – уақытша құбылыс дейді жауаптылар. Себебі қазірдің өзінде мұнда екі көпқабатты үй салынған, тағы екеуі салынып жатыр. Болашақта тағы 10 шақты жаңа үй салынады. Және бұл жердің келбеті мынандай әдемі үйлер мен саябақтармен адам танымастай өзгереді. Және жауаптылар жыл сайын 15 үй салып, қала тұрғындарына бергісі келеді. Бұған жеке компания өкілдері де қызығушылық танытып отыр. Олар да өз үйін салып, жұмысшыларын осында тұрғызуды жоспарлайды.

Ксения Кребс – осындағы ірі деген жеті жобаның бірі –  автобус шығаратын зауыттың жұмысшысы. Бұл шағын ауданға жақында ғана қоныс аударған. Зауыт берген үйде тұрады. Алда мұнда балабақша мен мектеп салынатынына қуанышты.

Ксения Кребс, Саран қаласының тұрғыны:

– РТИ-дің екінші рет құлыпартын кезі жақын сияқты . Қаншама үй салынды, балалар алаңы мен саябақ бой көтерді. Бұрынғыдай қорқынышты емес. Адамдар көшіп келіп жатыр. Алда адам танымастай өзгереріне сенеміз.

Саран қаласында өткен жылы инвестиция көлемі күрт артқан. Оның барлығы – жеке инвестиция. Ал, әкімдік аумақты тиісті инженерлік коммуникациямен қамтып отыр. Жүзеге асқан жобалар қаланың экономикасына да тың серпін береді.

Еркін Баулықов, Саран қаласы әкімінің орынбасары:

- Осы жылы 3 млрд.теңге деңгейінде салық түсті. Ол 124% өсім көрсетіп отыр осы жылы. Келесі жылда жоба бойынша салық түсімі 2,5 есеге көбейеді.

Атап өткен жөн, Саран қаласы мен облыс орталығын байланыстыратын жол мәселесі де өзекті болып келген. Себебі көлік нөпірі көп болғандықтан, таң мен кеште ұзын сонар кептеліс пайда болатын. Қала билігі бұл мәселе де қолға алынып, аталған жолдың төрт жолақты болып кеңейтілетінін айтты.

Авторлары: Дәуренбек Бағдәулетұлы, Сайран Ақамбаев, Зарина Зұлпыхар