Ақтаулық Испания мен Марокко арасындағы Гибралтар бұғазын гидрокостюмсіз жүзіп өтті

Бір ерекшелігі, отандасымыз 740 спортшы арасынан 16,7 шақырымды су киімінсіз еңсерген алғашқы жүзгіш атанды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ендігі мақсаты – мұхитты бағындыру. Бұған дейін Ыстамбұлда құрлықаралық сайысқа қатысып, Босфор бұғазында 6,5 шақырым қашықтықты  жүзіп өткен.

Айта кетсек, Гибралтар бұғазы Жерорта теңізін Атлант мұхитымен қосады. Жалпы ұзындығы – 65 шақырым.