Қазақстандық зейнеткерлерге жыл басынан бері 3 млрд теңге көлемінде инфляциялық төлем жасалды

Көмекақыны 30 мыңнан аса адам алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы мәлімдеді. Елдің зейнетақы жүйесі инфляцияны ескере отырып, жинақтардың сақталуына кепілдік береді. Ал төлемдер әр адамға жекелей есептеледі. Яғни зейнетақы алу кезінде салымшы жинақтарының кірістілік деңгейі инфляциядан төмен болса, мемлекет бұл айырмашылықты өтеуі тиіс. Оны зейнеткерлермен бірге бірінші және екінші топтағы мүгедектер ала алады. Шетелге көшіп кеткен азаматтар да жәрдемнің бұл түрін алуға құқылы.

Бір ескерерлігі, мұндай мүмкіндік бірыңғай зейнетақы жинақтау қорынан ақшасын шешіп алған күні беріледі.