Үштөбедегі «Qazaq oil» жанармай құю бекеті табысты еңбек етуде

Соған қарамастан сапалы өнімі арқылы өз тұтынушыларын қалыптастырып үлгерді, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Бекетте жанармай құюмен қатар сауда саттық та жасалады. Шағын маркетте жүргізушілер мен жолаушыларға қажеттінің бәрі бар. 

Анар Әбішева, «Qazaq oil» жанармай құю бекетінің менеджері:

-Алматыдан 300 шақырым қашықта болсақ та, біздің жанармай құю бекетіміз соңғы үлгідегі техникамен жабдықталған. Барлығы жаңа, жоғары сападағы жанар-жағармай. Тәулік бойы жұмыс істейміз. Сондықтан түн ішінде келіп те кофе ішіп, өзіміз пісірген тәтті нан өнімдерін сатып алуларына болады.

Жанармай құю бекеті «Qazaq oil» компаниясы мен жеке кәсіпкер арасындағы әріптестік байланыс негізінде ашылды. Соның нәтижесінде 15 адам жұмысқа орналасты. Тиімді жоба енді кең көлемде жалғасын таппақ.

Нариман Әбілшайықов, «Qazaq oil» компаниясының атқарушы директоры:

-Кәсіпкерлермен бірге қандай аудандарда болса да, осындай АЗС ашуға дайынбыз. Кәсіпкер осындай АЗС ашады. Біз қажетті тауарларды уақытында тасымалдауға дайынбыз. Оншақты АЗС біздің франшиза бойынша Қазақстанда жұмыс жасауда. Болашақта осы санды 60-қа дейін жеткізу жоспарымыз бар.

Елімізде  «Qazaq oil» компаниясының 381 жанармай құю бекеті бар. Соның екі жүзден астамы жаңартылды. Қалғаны келесі жылдың соңына дейін халықаралық стандартқа сәйкестендіріліп, жоғары сапада қызмет көрсететін болады.

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Олжас Байбосынов

 

Сондай-ақ...